Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ойыл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Ойыл ауылында "Туған жерге тағзым" акциясы аясында бой көтерген "Денсаулық" аллеясында болды. Жаңа демалыс аймағы орталық аудандық аурухана ұжымының арқасында ашылды. Мұнда Оңдасын Оразалин шырша отырғызды.
Орталық аудандық ауруханаға жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың сырқатын анықтайтын фетальді монитор берілді. Құны 1,7 млн теңге болатын жабдық бюджет қаражатынан тыс ақшаға сатып алынды.
Өңір басшысы аудан басшылығына санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қадағалауды күшейтуді, тұрғындар арасында екпе жөнінде түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.