Жаңалықтар

2-ші қазан күні Ақтөбе медицина орталығында "Жас мамандардың мамандыққа бастамасы" атты жас дәрігерлерді қолдауға арналған шара ұйымдастырылды.

Бүгін, салауатты өмір салтын қалыптастыру  мамандарының ұйымдастыруымен «Асанәлі» бөбекжай бақшасы  қызметкерлері арасында  Дүниежүзілік жүрек күніне ұштастырылған жүрек –қан тамырлары ауруларының алдын алу,  «Құтырма ауруы және оның алдын алу», «тақырыптарында дәріс оқылды. 

Медициналық сақтандыру жүйесі туралы және міндетті медициналық тексерулердің маңыздылығы бойынша  халықты ақпарарттандыру мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде, орталық базарлар мен азық-түлік дүкендерінде, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық оқу материалдары таратылды.

ҚР Президентінің 2014жылғы  26  желтоқсандағы № 986 Жарлығымен  бекітілген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯ» туралы қаулысын басшылыққа ала отырып аудандық ауруханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде жұмыс жоспары құрылды .