Ойыл аудандық ауруханасының тарихы

 

Аудандық аурухананың негізі 1850-1960 жылдары

Көкжар селосындағы жәрмеңке саудагерлерінің қаржысымен салынған. Ол кезде аурухана 10-кереуеттік болған және де қосалқы шаруашылықтарға арналған сарайлармен, мәйітхана уйімен жабдықталған. Сол қалпында аурухана 1959 жылға дейін сақталды, бірақ сол кезге дейін кереует саны 50 кереуетке дейін ұзартылды. 1959-1960 ж ауруханаға котельный салынып автономиялық электр станциясы құрылып сумен жылытылатын жүйе жүргізіледі.

1966 жылдан аурухананың койка санын ұлғайту мақсатымен ауруханаға реконструкция бастап жүргізіліп 1976 жылы бітті. Бұрынғы бөлек тұрған аурухананың үйін, дәрігердің, фельдшердің үйлері 2 склад барлығы біріктіріліп ұлғайтып 100 кереуеттік аурухана су құбырымен қамтамасыз етілді. 1979 жылы котельный өзгертіліп, аурухана жылу жүйесі қайта тартылды. Асхана, кір жатын орындар күрделі жөндеу есебнен салынды. 1985 жылы қараша айынан бастап емханаға бұрынғы бастауыш үйінің берілуіне байланысты аурухана 120 кереуетке кеңейтілді, ауруханада 12 гинекологиялық, 18 инфекциялық, 20 балалар, 15 әйелдер босанатын, 25 хирургиялық, 30 терапиялық кереуеттер жұмыс істеді. Сонымен қатар аудан көлемінде 2 учаскелік аурухана әр кездерде ашылды. 1958 жылы 15 кереуеттік Саралжын учаскелік ауруханасы ашылып, оны Керімбаев Сақыш басқарды, ол кісі 1964 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды, кейін бұл аурухана үлкейтіліп 25 кереуеттік аурухана болды, қазір 1 жоғары білімді дәрігер, 11 орта буын медицина қызметкерлері қызмет етеді.

Жетікөл учаскелік ауруханасы 1967жылы туберкулез койкасының есебіне 35 койкалық болып ашылып, кейіннен халқының санына байланысты  25 кереуеттік болып құрылды, қазір 5 кереуеттік 1 дәрігер, 8 орта буын медицина қызметкерлері қызмет етеді. Халыққа медициналық көмекті жақсарту мақсатында 1985 жылы Амангелді, Берсиев дәрігерлік амбулаториялары ашылып, 1986 жылы Құрман, Жекенді дәрігерлік амбулаториялары іске қосылды.

Осылармен қатар аудан халқына әр жылдары құрылған 18 ФАП, 1 СЭС, 1 туберкулезге қарсы аурухана, дезотдел жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде ауруханада 1934-1935 жылы Гайсин, 1940-1948ж Байжанова, Тәжібаева, Төлеубаев Муса, 1948-1953 ж Сұлтангереев Ұлықпан, Ағзамова Забира, Фельцман, Ларина З.Н-лар денсаулық сақтау бөлімшелерінің меңгерушілері аурухананың бас дәрігерлері болып қызмет атқарған. 1953-1962 жылы дейін аурухананың бас дәрігері болып Орынбордың медицина институтын бітірген Баталин Натан Данилович басқарған, ал 1962-1985 жылға дейін Аралов Абдигали Аралулы, 1985-1990 жылы Жұмамұратов А.Ж, 1991-1993 жылдары Төлеубаев Ж.С, 1993-1995 ж Отаров А.С, 1995-1999ж Қамбаров Ж.Б, 1999-2006ж Жолдыбаев Е.Е, 2006-2009 жылдары Жабагиев А.К, 2009-2013  дейін Қамбаров Ж.Б басқарды. 2013 жылдан Исаев Р.К басқаруда. 1953 жылдан 1963 жылға дейін ауданда 1 – 2 ғана дәрігер болған. Ақтөбе медицина институтының еңбекке қосылуымен 1963 жылдан бастап дәрігер саны көбейді, қазіргі таңда ауданда 33  дәрігер  және 123 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Орта буын медицина қызметкерлерімен толықтыру мақсатында 1967 ж бастап 1 жылдық медицина қызметкерлерін  дайындайтын курстар ашылып, 1974 жылға дейін барлығы 120 орта буын медицина қызметкерлерін дайындап алды, олар қазір аудан көлемінде медицинаның әр саласында абыройлы қызмет етуде.

Медицина кадрларының толығуымен қатар медициналық көмекте жақсарды. Аудандық ауруханада қазіргі таңда _____ кереует саны. Ойыл орталық аудандық ауруханаға қарасты  1 селолық аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 16 мед пункт аудан халқына қызмет етеді.  

2008 жылы  200 адам қабылдайтын 2 қабатты қазіргі типтік аурухана салынды. Қазіргі таңда ауруханада 33 дәрігер, 123 орта буын медицина қызметкерлері қызмет атқаруда.